Экономика

Сағынтаев әкімдерге: базарларға баруды доғару керек

© Photo : Министерство национальной экономики РКМинистр национальной экономики Казахстана Куандык Бишимбаев и аким Астаны Асет Исекешев посетили столичные рынки
Министр национальной экономики Казахстана Куандык Бишимбаев и аким Астаны Асет Исекешев посетили столичные рынки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу аясында облыс әкімдеріне базарларға баруды доғарып, тұрақтандырма азық-түлік қорын көбірек тартуды ұсынды.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik Қазақстанның Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу аясында облыс әкімдеріне базарларға баруды доғарып, тұрақтандырма азық-түлік қорын көбірек тартуды ұсынды.

Сейсенбі күні үкімет отырысының күн тәртібінде әкімдік рейдтері қаралды. 

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, ресми статистикаға сәйкес, жыл басынан бері тұтынушы бағалардың индексі 5,4%-ды, оның ішінде азық-түлік тауарларына — 5,2 пайызды құраған.

Ресми статистиканың мәліметтеріне сүйенсек, жылдың басынан бері азық-түлік өнімдері бағасының индексі 5,4 пайызды құраған. Ал 2016 жылдың 30 тамызында азық-түлік өнімдері бағасының индексі 9 пайызға жеткен. Қант бағасы — 30 пайызға, жармалардың бағасы — 23 пайызға, бірінші сортты ұннан жасалған нан бағасы 18 пайызға дейін көтерілген.

"Ұлттық экономика министрлігі нарықтар теңгеріміне талдау жүргізді. Нәтижесінде ішкі нарықтағы әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының өсуіне әсер ететін бірқатар себептер анықталды. Біріншісі әлемдік нарықтардағы баға жағдаятының өзгеруі және ұлттық валютаның әлсіреуі импорттық жеткізулерге тәуелді тауарларға әсер етті, олар бойынша отандық тауарларды тұтынудың қамтамасыз етілуі 60 пайыздан төмен", — деді ұлттық экономика министрі.

 

Жаңалықтар
0