Әлем

Путиннің туған күніне орай iPhone 7-нің арнайы топтамасы шығарылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұялы телефондарды әрлеумен айналысатын компания Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне орай, мемлекет басшысының барельефті портретімен безендірілген iPhone 7-нің арнайы топтамасын шығарды.

АСТАНА, 5 қаз — Sputnik. Ұялы телефондарды әрлеумен айналысатын компания Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне орай, мемлекет басшысының барельефті портретімен безендірілген iPhone 7-нің арнайы топтамасын шығарды. 

Смартфон үлгісі Supremo Putin Damascus деп аталады. Телефон дизайнының екі түрі бар: титандық гаммада және алтынмен әшекейлі би-металлды. Сатылымға 64 данасы ғана шығарылатындығы атап көрсетілген. 

Жаңа телефондардың құны 207 мың рубльден басталып 232 мың рубльге дейін жетеді. Путин 7 қазанда 64 жасқа толады.


Жаңалықтар
0