Спорт

Петропавл өлтірілген баскетболшы Нанаевпен қоштасты

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавлда жүздеген адам төбелес кезінде өлтірілген баскетболшы Игорь Нанаевпен қоштасып, құрмет белгісін білдіру үшін "Парк Сити" ойын-сауық клубына келді, деп жеткізеді Sputnik Қазақстан тілшісі.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Петропавлда жүздеген адам төбелес кезінде өлтірілген баскетболшы Игорь Нанаевпен қоштасып, құрмет белгісін білдіру үшін "Парк Сити" ойын-сауық клубына келді, деп жеткізеді Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сағат 12.00-де Өскеменде Игорь Нанаевпен қоштасу рәсімі басталған кезде Петропавлда қаза тапқан спортшыны еске алу мақсатында майшамдар жағылды. Адамдар төбелес болған орынға гүл шоқтарын әкелді.  

Спортшының суреті, майшам мен гүл шоқтары, сонымен қатар баскетбол добы – осы жерде 40 күнге дейін тұрады. 

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
1/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
2/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
3/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
4/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
1/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
2/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
3/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты
4/4
Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты

"Мен Игорьді 2010 жылдан бері білемін. Ол Петропавлға өз командасы үшін ойнауға келген. Ол өте тамаша, әрі мейірімді жан болатын. Араласқан жылдар бойы мен оның дөрекі сөйлегенін есітпедім. Ол бірінші болып төбелес бастамас еді", — деді агенттікке Игорь Нанаевтың танысы Арина.  Осы жерге жиналған басқа адамдар да осы пікірде.  

Соққыға жығылған баскетболшы Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ІІД: баскетболшы Нанаев соққыға жығу емес, төбелес нәтижесінде қаза тапты

Игорь Нанаев 1993 жылы Өскемен қаласында  дүниеге келген. Республикалық  спорт интернатында оқып, басқа қалалар үшін ойнаған. Өткен маусымда ол Новосібірде болды. 2016-2017 жылғы ойын маусымы алдында ол Петропавлға келіп, оқу-жаттығулардан өткен. 1 қыркүйекте Нанаев "Барыс" баскетбол клубының  құрамына кірген.  "Біз полицияның Игорьді бір адам ұрып өлтірді деген болжамына сенбейміз. Ол ақылға сыймайды. Денсаулығы мықты бойы екі метрлік жігітті қалай бір адам ұрып өлтіреді. Оның  денесінде сегіз өлімші жарақат болған! Біз Игорьді бір адамның соққыға жығып жатқандығы түсіп қалған бейне түсірілімді көрсетуді талап етеміз. Біз ҚР Бас прокурорына петиция жазуға ниеттіміз", — деді агенттікке Петропавл тұрғыны Наталья. 

Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Соққыға жығылған баскетболшы Нанаев есін жимай, көз жұмды

Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні Петропавл қаласындағы ойын-сауық клубтарының маңында келушілер арасында қақтығыс орын алып, соның салдарынан "Барыс" баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаев аяусыз соққыға жығылды. Спортшы ауыр хәлде облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Бір аптадан астам уақыт бойы ол комада жатты. 10 қазан күні есін жимастан көз жұмды.

Осы дерек бойынша СҚО ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және соның салдарынан болған адам өлімі) сот алды тергеу жүргізуде. Полиция қызметкерлері Нанаев соққыға жығу салдарынан емес, төбелесте қаза тапты дегенді алға тартады. 


Жаңалықтар
0