Қоғам

Венгрияда Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

© Photo : официальный аккаунт посла Казахстана в Венгрии Нурбаха Рустемова в FacebookВенгрияда Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды
Венгрияда Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейкі батыр бейнесі 2016 жылы 1 желтоқсанға дейін қалпына келтіріледі.

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik.  Кейкі батыр бейнесі 2016 жылы 1 желтоқсанға дейін қалпына келтіріледі, венгер мамандар реконструкция жұмысын бастап кетті деп хабарлады Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбақ Рүстемов. 

Батырдың сүйегі Будапештке 13 қазан күні жеткізілді, ДНҚ анализін жүргізу және бейнесін қалпына келтіру үшін Венгрияның  Жаратылыстану ғылымдары музейінің бас директоры Золтан Коршошке берілді. Реконструкция жұмысымен музейдің антропологиялық бөлімінің жетекшісі Агнеш Куштар айналысады. 

"Музейдің бас директоры Золтан Коршош мұны Қазақстан тарапынан жасалған үлкен құрмет деп бағалап, венгер мамандардың жаңа технологиямен сапалы жұмыс атқаратынын айтты", — деп жазды Рүстемов Facebook парақшасында.

Венгер антропологтары Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмысын 2016 жылғы желтоқсанға дейін аяқтауды көздеп отыр. 

Жаңалықтар
0