Спорт

"Қайрат" жастар лигасының 2-ші раундына шықты

© Public DomainФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматылық "Қайрат" грузиндерді айқын басымдықпен жеңді

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Алматылық футбол клубы "ҚайратU-19" (19 жасқа дейін) сәрсенбіде УЕФА Жастар Лигасының екінші айналымына шықты. "Қайрат" бірінші айналымның жауапты матчында тбилисилік "Динамоны" 5:1 есебімен ойсыратып жеңді. 

Алматылықтар үшін жеңіс жігерлі болды, өйткені қонақтар матчтың 7-ші минутында ақ Георгий Чакветадзенің күшімен есеп ашып үлгерді.

Бірінші тайм қонақтардың азамаған басымдылығымен аяқталды. Ал екінші қырық бес минутта Акмаль Бахтияров, Максим Котов, Жандос Солтанов, Артем Попов және Рамазан Оразов "Қайратқа" жеңіс әкелді. 

Тбилисидегі алғашқы матч та 3:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды. УЕФА Жас Лигасының екінші айналымында "Қайрат" австриялық "Зальцбургпен" кездеседі. 


Жаңалықтар
0