Экономика

Қазақстандық туристер жосықсыз туроператорлардан сақтандырылатын болады

© Sputnik / Сергей Ермохин / Медиабанкке өтуәуежайдағы туристер
әуежайдағы туристер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда туристік операторларды 5 мың АЕК көлемінде банктік кепілдеме ұсынуға міндеттеді

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қазақстанда шетелге шығатын қазақстандық туристердің құқықтарын қорғау жүйесі енгізіледі, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали. 

Қайда демалуға болады: қазақстандықтарға виза қажет емес елдер - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Қайда демалуға болады: қазақстандықтарға виза қажет емес елдер

Иғалидың ақпаратына сәйкес, Қазақстан үкіметі 18 қазанда туристік операторлардың өз міндеттерін орындамау немесе жосықсыз орындау жағдайында қазақстандық туристерді шығару мәселесін реттейтін қаулы жобасын мақұлдаған. Оның атап өтуінше, соңғы жылдары жосықсыз туристік операторлардың кесірінен қазақстандық туристердің шет елде төленген орналасу орны мен қайту билеттерсіз  қалып қою жағдайлары жиілеп кеткен. 

"Енді мұндай жағдай орын алған жағдайда "Туристік қамқор" кооператив қоры қазақстандық туристерді уақытша тұрақталған елден республикаға қайтаруға шаралар қабылдайтын болады", — деп жазды Иғали өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.


Жаңалықтар
0