Саясат

Назарбаев CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді

© Photo : Официальный сайт пресс-службы президента РКНұрсұлтан Назарбаев CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді
Нұрсұлтан Назарбаев CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Наарбаев Сириядағы қақтығысты реттеу жолдарына қатысты пікірімен бөлісті

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев араб әлемі елдерінде ең ірі хабар тарату компаниясы болып табылатын CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Назарбаев алдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуге, Қазақстанның ядролық таратпау және қарусыздандыру саласындағы күш салуына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеу жолдарына қатысты пікірімен бөлісті.

CNBC Arabia телеарнасы қаржы-экономикалық, сонымен қатар өңірлік және халықаралық ауқымдағы маңызды мәселелеріне қатысты оқиғаларды жарыққа шығарады.

Жаңалықтар
0