Спорт

"Астана"-"Ертіс" матчы кезінде алаңға сары ит жүгіріп шықты

© Sputnik / Владимир Бугаев"Ертіс" капитаны Қазбек Гетериев
Ертіс капитаны Қазбек Гетериев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ит жүгіріп шығып, айып алаңында жүрген футболшылардың қасына барды.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Елордалық "Астана" мен павлодарлық "Ертіс" клубтарының арасында өткен матч кезінде алаңға сары ит жүгіріп шықты.  

Матч 30 қазан күні бес градустық аяз кезінде Павлодар қаласында Қазақстан чемпионатының соңғы туры аясында өтіп жатқан болатын. Суықтан тоңған ит жылынғысы келді ме екен, әлде 0:0 есеппен өтіп жатқан ойынды біраз қыздырғысы келді ме екен, әйтеуір алаңға жүгіріп шықты. 

© Sputnik / Владимир Бугаев"Ертіс" капитаны Қазбек Гетериев итті көтеріп, алаңнан алып шықты
Ертіс капитаны Қазбек Гетериев итті көтеріп, алаңнан алып шықты - Sputnik Қазақстан
"Ертіс" капитаны Қазбек Гетериев итті көтеріп, алаңнан алып шықты

"Ертіс" командасының капитаны Қазбек Гетериев көрермендердің қошеметімен сары итті көтеріп алып алаң сыртына шығарды.  Бірақ ит футболшыларға қайтып барғысы келді. Сол себепті бұған полицейлер араласып, итті қуып жетіп, қауіпсіз жерге апаруға мәжбүр болды.   

© Sputnik / Владимир БугаевПолицей алаңға жүгіріп шыққан итті алып барады
Полицей алаңға жүгіріп шыққан итті алып барады - Sputnik Қазақстан
Полицей алаңға жүгіріп шыққан итті алып барады

 

 

Жаңалықтар
0