Оқиға

Алматыда интимдік қызмет көрсету арнасы "жабылды"

© Photo : ДВД АлматыЖезөкшелер қордасындағы қыздар
Жезөкшелер қордасындағы қыздар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 жеңіл жүрісті қыз бір әйелдің қоластында жұмыс істеген, оған сондай-ақ бес "шақырушы" және үш таксиші көмектескен.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Алматы полициясы жеңгейтайлықпен айналысатын топты ұстады,  деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Интим-бизнесін ұйымдастырудың тұрақты арнасын жолға қою дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша 32 жастағы әйелге қылмыстық іс қозғалды. 

МИД РК - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ:қазақстандық Бахрейндегі сексуалдық күңдіктен құтқарылды

"Ол Алматы қаласының Жетісу ауданында түнгі сағат он бірге қарай көрсететін қызметтеріне ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Оның қасында тағы бес әйел болды, олар жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынып жүрген болып шықты. Сондай-ақ, онда қызмет көрсетін шамамен тоғыз қыз шет жақта тұрды. Полицейлер оларды да ұстады", — деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, жедел шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының қызметкерлері жеңгейтайлықпен айналысатындарға такси қызметін ұсынатын үш жүргізушіні ұстады. Олардың әрқайсысының немен айналысқаны сотқа дейінгі тергек жұмыстары барысында анықталады. 

Өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлерінің бірінші тәулікте жүргізген шаралары нәтижесінде осы топты ұйымдастарған азаматшаның қоластында жалпы саны 16 жеңіл жүрісті қыздың жұмыс істегені анықталды. Қазіргі уақытта олардың 15-і куәгер ретінде жауап беріп, жұмыс берушісіне қарсы түсініктемелер беріп жатыр.

"Процессуалдық мәліметтерге қарағанда, басқа да қылмыс түрлері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады", — деп хабарлады полицияда. 

Бұл ретте ұсталған мен оның көмекшісі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


Жаңалықтар
0