Қоғам

Астана әкімі қаладағы көлік кептелісіне түсіністікпен қарауды өтінді

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана көшелерін қардан тазарту
Астана көшелерін қардан тазарту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалың қардан елордадағы көлік қозғаласы қиындады, қала көшелерінде ұзыннан ұзаққа созылған кептелістер пайда болды. Әсет Исекешов халыққа арнаған үндеуінде қала әкімшілігі жұмысының басты бағыты көшелерді тазартып, қоғамдық көлік қызметін қалпына келтіру болады деді.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik.  Астана әкімі Әсет Исекешов қала тұрғындарынан дүйсенбі күнгі елордадағы ауа райы жағдайынан пайда болған көлік кептелісіне түсіністікпен қарауды өтінді. 

"Қалың қар да түсті. Біз оған барынша дайындалдық: бүкіл техниканы тексеріп, маршруттарды реттедік. Демалыста 21 миллиметрден астам қар жауды, 369 көлік қызмет етті, 26.200 метр куб қар шығарылды", — деп жазды Исекешов  Facebook ресми парақшасында.

Әкімнің айтуына қарағанда, "ауа райының күрт бұзылуы трафикке орасан зор ықпалын тигізеді".

"Бүгін елордада таңертеңнен бері 26 көлік апаты болды, тәулік ішінде 100-ден асты. Жол апатының басым көпшілігінің себебі жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамау және қауіпті қозғалыстар жасау. Полицияның келуін, сақтандыру компанияларын күту салдарынан да көлік кептелісі пайда болады", — деді ол.

Исекешовтың айтуынша, коммуналдық қызметтер барынша күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра береді. Ол аудан әкімдерін басқаратын орынбасарымен бірге қала ішін аралап, бұл жұмысты өзі жеке қадағалайтынына уәде берді. 

Жаңалықтар
0