Экономика

Теңгенің құпия түрде пайда болуы: Қазақстан ұлттық валютасына 23 жыл

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1993 жылы 15 қарашада рубльді Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге ауыстыру басталды. Ағылшын фабрикасында басып шығарылған ақшаның бірінші партиясы Лондоннан Орал қаласына жасырын түрде ұшақпен жеткізілді.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik. Жыл сайын15 қарашада Қазақстан ұлттық валютаның айналымға енген күнін тойлайды. Sputnik Қазақстан оқырман назарына теңге тарихының маңызды кезеңдерін ұсынады.

"Теңге" атауы орта ғасырлардағы түркі тіліндегі "деңге" немесе "таньга"  монета атауларынан туындаған, орыс монетасы "даньга" және "деньги" сөзі де осы тілдік бірліктерден шықса керек. ҚР ұлттық валютасына "танга", "сом", "сум", немесе "алтын" атаулары ұсынылған еді, бірақ ақыры соңында шығарушылар  ақшаны "теңге" деп атауды ұйғарды.

Құпия валюта

1993 жылы 12 қарашада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР-ы Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Құжат жарық көрмес бұрын қазақстандық суретшілер аса құпия жағдайда қажырлы еңбек етуге мәжбүр болды. БАҚ-да бұдан бұрын айтылғандай, бірінші теңге дизайнының авторы Тимур Сүлейменов бірінші ұлттық валюта дизайнын талқылау барсында банкноттарға президент Назарбаевтың суретін бейнелеуді ұсынған еді. Бірақ ол кезде мемлекет басшысы бұл идеяны "кейінірек" жүзеге асырамыз деп бас тартқан болатын.

Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген ақша белгісінің экрандағы суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР Ұлттық Банкі Елбасының суреті бейнеленген ақша белгісін шығарды

Ақыры соңында алғашқы банкноттарға философ ғалым әл-Фарабидың (1 теңге), ақын Сүйінбай Аронұлының (3 теңге), халық күйшісі Құрманғазы Садырбайұлының (5 теңге), саяхатшы ғалым Шоқан Уәлихановтың (10 теңге), ақын Абай Құнанбаевтың (20 теңге),  Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның (50 теңге) және Орта жүз ханы Абылайханның (100 теңге) суреттері бейнеленді.

Ақшаның бірінші партиясы Harrison & Sons атты ағылшын фабрикасында басып шығарылды. Оны бір апта ішінде Лондоннан Орал қаласына төрт  Ил-86 ұшағымен құпия түрде жеткізді, барлығы 18 рейс жасалыпты. 

Теңге айналымға енгенге дейін ұлттық валюта туралы ешкім білмеді. 15 қараша күні таңертең ескі ақша 1 доллар үшін 4,75 бағамы бойынша жаңа валютаға айырбастала бастады. 

Девальвациялар

ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12,5%-дан 12%-ға дейін төмендетті

Республиканың ұлттық валютасы бірнеше рет құнсызданды. Теңгенің бірінші девальвациясы 1999 жылы сәуір айында болды. Сол кезде билік өкілдерді теңге айырбас бағамының еркін ауытқуына көшкендігін теледидар арқылы хабарлаған болатын. Нәтижесінде айырбас бағамы бір доллар үшін 150-160 теңге деңгейінде тұрақтады. Ал, 1999 жылы тамыз айында доллар бағамы 130-135 теңге болды.

Теңгенің екінші девальвациясы 2009 жылы ақпан айында орын алып, валюта  25%-ға құнсызданды. Бірнеше сағат ішінде доллар құны айырбас пункттерінде 128 теңгеден 170 теңгеге дейін көтерілді, кейіннен айырбас бағамы 150 теңге мөлшерінде тұрақтады.

Үшінші девальвация 2014 жылы ақпан айында болды. Доллар бағамы 155,5 теңгеден 185 теңгеге дейін көтерілді.  Ал, ең соңғы төртінші құнсыздану 2015 жылы тамыз айында  болды. Елдің жаңа ақша-несиелік саясатқа өтуі нәтижесінде теңгенің биржалық бағамы тәулік ішінде 26%-ға құнсызданды.

2016 жылғы 15 қараша күні таңертеңгі қалпы бойынша орташа есептік теңге бағамы Қазақстандық қор биржасы саудасында бір доллар үшін 344,8 теңгені құрайды.

 

Жаңалықтар
0