Оқиға

Астанадағы тұрақта жеңіл көлік өртенді

© Sputnik / Полина РабенокАстанадағы тұрақта жеңіл көлік өртенді
Астанадағы тұрақта жеңіл көлік өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 19 қар – Sputnik. Астананың тұрғын кварталындағы көлік тұрағында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан. Молодежный шағын ауданында, бірнеше тұрғын үйлердің маңындағы тұрақта  автокөлік өртенді.

"Даладан тарс еткен дыбыс естідім, көңіл аударған жоқпен, бір-екі минуттан кейін терезеден қарасам: Mercedes E-class өртеніп жатыр екен. Шамамен түнгі сағат бірлерде өртенді.  

Бес минут өтпей өрт сөндірушілер келіп, жедел сөндірді. Көліктің егесі болған оқиғадан хабары болмаған сияқты", — деді көзбен көруші. 

Бірнеше күн бұрын осы секілді жағдай елордалық аулалардың бірінде болған. Автокөлік ол кезде күндіз өртенген. 

Жаңалықтар
0