Қоғам

Күзгі марафон: грек велошабандозы әлеуметтік желіде танылды

Жазылу
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен суретте саяхатшы қосалқы бөліктер сатып алу үшін велодүкенге кетіп барады.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қар жамылған Алматы көшелерінде екі дөңгелекті көлікпен жүріп өтіп, қазнетті таңқалдырған велошабандоз Қазақстанда уақытша аялдауға мәжбүр болған грек саяхатшысы болып шықты деп хабарлайды Facebook  әлеуметтік желісін пайдаланушы Александр Юн.

Юннің мәліметінше, суретте  - грек саяхатшы-велошабандозы Алексис. Ол сегіз ай бойы саяхаттап жүріп, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында боранда қалып қойған. 

"Есі кіресілі-шығасылы қалпында біздің қаланың тұрғыны тауып алыпты. Саяхатшының аяқтары үсіп кете жаздаған. Жігіттер оны қалаға алып келді. Жылытып, тамақ берді. Онымен тілдесу үшін грек достарымызды шақырдық. Грек-досым өз салонында саяхатшының шашын алып берді. Скайп арқылы анасымен сөйлестірдік. Анасы саяхатыңды тоқтат деп барынша үгіттеді", — дейді Александр. 

Саяхатшы достарының мәліметінше, жанкешті грек Қытай мен Үндістанға бет алған екен. 

Жаңалықтар
0