Әлем

Сирия әскері Алеппоның солтүстік шығысын толық бақылауға алды

© Sputnik / Михаил Алаеддин / Медиабанкке өтуАлеппо
Алеппо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия әскері Алеппоның солтүстік шығысын толық бақылауға алды

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Сирия әскері мен халық жасағының жауынгерлері Алеппоның тағы екі кварталын лаңкестерден босатты, осылайша  қаланың солтүстік шығыс бөлігін бақылауды қайтарып алды, деп хабарлады РИА Новостиге қала жасағының штабында. 

"Әскер мен халық жасағы Шейх-Ходр және Шейх-Фарес кварталдарына бақылауды қайтарып алды. Осылайша Алеппоның солтүстік шығысы САР үкімет әскерінің бақылауында деуге болады", — деді жасақта. 

Шейх-Ходр және Шейх-Фаресте ұрыс тәулікке созылды. Қазіргі уақытта ол жерде саперлер жұмыс істеуде. 


Жаңалықтар
0