Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде 1 желтоқсанда жел күшейеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің көптеген өңірлерінде тұман түсіп, көтайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте төменнен соққан боран болуы ықтимал.

АСТАНА, 1 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстік пен батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде көктайғақ, боран болады деп күтіледі, желдің ұйытқуы – 15-20 м/с, Ақмола және Қостанай облыстарында – тұман.

Алматы облысында – тұман, Жалаңашкөл өңірінде жел күшейеді – 18-23, ұйытқуы – 28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде Ақтөбе облысында кей жерлерде төменнен соққан боран болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейеді – 15-20, Жарма ауданында ұйытқуы – 25 м/с.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында – тұман, Жамбыл облысында таңертең және күндіз желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

Атырау облысында – көктайғақ. 

Жаңалықтар
0