Қоғам

Қазақстан Тұңғыш Президент Күнін тойлауда

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуҚазақстандағы президенттік сайлау
Қазақстандағы президенттік сайлау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда болды. Ол сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7% даусына ие болды.

АСТАНА, 1 жел — Sputnik. Төрт жыл бұрын қазақстандықтардың күнтізбесінде тағы бір мереке күні пайда болды – 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент Күні.

2011 жылы желтоқсанда сенаттың пленарлық отырысында "ҚР "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды.

Мереке Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өту мақсатында тағайындалған. 

Шаттық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы адам бақытының қарапайым сырларымен бөлісті

1991 жылы 1 желтоқсанда болған оқиға мереке күнін таңдауға тарихи негіз болды: алғашқы жалпыхалықтық сайлау кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан АСР президенті қызметіне қайта сайланды. Ол бұл қызметке жалғыз үміткер атанып, сайлаушылардың 98,7% даусына ие болды.

Тұңғыш Президент Күніне орай республика бойынша түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. Жыл сайын бұл күнге орай елеулі оқиғалар болып жатады. Мысалы үшін, биыл 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген онмыңдық ақша белгісі айналымға шығады, Талдықорғанда мемлекет басшысының ескерткіші тұрғызылды, Алматы облысында екі ай бұрын жаңа қала – Нұркент салына бастады. 

Sputnik Қазақстан бұл мерекеге орай фотокөрме ұйымдастырды, бұл көрмеде президенттің бұрын жарияланбаған сирек кездесетін суреттерін тамашалай аласыздар.

Жаңалықтар
0