Қоғам

Исекешев мектепте сүйіп оқыған пәні туралы айтып берді

© Photo : Сайт акима АстаныАсет Исекешев
Асет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімі Әсет Исекешев "калькулятор бала" Ілияс Тоқтарханның сұрағына жауап берді

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Астана әкімі Әсет Исекешов мектепте алгебра пәнін сүйіп оқыған, бұл туралы қала басшысы бейсенбі күні дарынды балалармен кездесу барысында айтып берді.

Ілияс Тохтархан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астаналық "калькулятор" бала: ресейлік шоуда бәрін таң қалдырғым келді

Исекешев қаланың дарынды оқушыларымен әңгімелесті, солардың бірі төртінші сынып оқушысы, "калькулятор бала" Ілияс Тоқтархан.

"Әсет Өрентайұлы, ұлы Карл Гаусс айтқандай "Математика – ғылымдар патшасы, арифметика – математика патшасы". Ал, сіз мектпете қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз?", — деп сұрады Тоқтархан.

"Рахмет, мен де математиканы жақсы көретінмін. Оның ішінде геометрияны емес, алгебраны сүйіп оқитынмын. Мектептегі ең сүйікті пәнім сол болатын", — деп жауап берді Исекешев.

Тоқтархан әкімге қабілетін тексеріп көруді ұсынды, содан кейін Исекешов берген тапсырманы дұрыс орындады.

"Жарайсың! Шынымен, "калькулятор бала" екенсің. Осы қабілетіңді одан әрі дамыт. Бәлкім, болашақта математиканың ұлы заңдарын ашатын шығарсың. Сәттілік тілеймін!", — деді қала басшысы.

Жаңалықтар
0