Спорт

Бекжанов күрес бойынша ӘЧ күміс жүлдеге ие болды

Жазылу
Қазақстандық Будапештте өткен әлем чемпионатының финалында ресейлік Магамед Курбаналиевке есе жіберді.

АСТАНА, 12 жел — Sputnik. Қазақстандық еркін күресші Нұран Бекжанов жексенбі күні Будапештте күрес бойынша олимпиадалыққа кірмейтін салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Финалда 70 келіге дейінгі салмақ санатында Бекжанов Еуропа чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік Магамед Курбаналиевке 4:8 есебімен есе жіберді.

Бастапқыда Бекжанов алғашқы раундта Қырғызстан өкілі Еламан Догдуурбек-уулын 5:1 есебімен жеңген. Ширек финалда Бекжанов Молдавиялық палуаннан басым түсті (7:0). Жартылай финалда қазақстандық палуан жапондық Нобуйоси Такоджиманы 10:6 есебімен жеңді. 


Жаңалықтар
0