Оқиға

Қырғыз дипломаты Андрей Карлов қазасы туралы

© Sputnik / Эрай Эркылыч / Медиабанкке өтуАнкарадағы заманауи өнер галереясындағы оқиға
Анкарадағы заманауи өнер галереясындағы оқиға - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғыз дипломаты Андрей Карлов қаза тапқан галереяда болған жайт туралы баяндады.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Ибрагим Жунусов Sputnik Қырғызстан агенттігіне Ресей елшісі Андрей Карлов қаза тапқан Анкара фотокөрмесінде болған жайт туралы айтып берді.

Ресей елшісі дүйсенбі күні Түркия астанасындағы фотокөрменің ашылу салтанатында қаза тапты. Шабуыл кезінде тағы да үш адам зардап шекті. Қаныпезерді полиция қызметкерлері оқиға орнында атып тастады. 

"Үшеуіміз қатар тұрғанбыз. Бірінші сөз кезегі Чанкаи вице-мэріне берілді, содан кейін Карлов сөйледі. Арт жақтан оқ атылған кезде, фотокөрмеге келгеніміз үшін алғысын білдіріп тұрған еді. Одан бұрын Карловтың артында жалғыз өзі тұрған жігітті байқағанмын, кеудесінде полицей белгісі болды. Оқты атқан сол. "Аллаху акбар!" деп айғай салып, бізге тұрмаңдар, бастарыңды көтермеңдер деп бұйырды. Ресей елшісіне оқ атқан кезде одан үш метрдей қашықтықта тұрған едім", — деді Жунусов.

ҚР СІМ - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР СІМ Андрей Карловтың өлтірілуін қатаң түрде айыптайды

Оның айтуынша, қаныпезердің оғы таусылып, қаруын қайта оқтап жатқан кезде, елшімен бірге 25 адам ғимараттан қашып шыққан. Содан соң қайта айғай-шу, атылған оқ үні естіліпті.

"Одан кейін не болғанын нақты айта алмаймын. Бізге тезірек кетіңдер деген соң, көлікке мініп кетіп қалдық. Қырғызстан азаматтары арасынан зардап шеккендер жоқ, жалпы үш адам жарақат алды", — деді Жунусов.

Жаңалықтар
0