Қоғам

#ЁлкаДоброты – ерекше бүлдіршіндерге Аяз Ата болыңыз

© Sputnik / Болат Шайхинов#ЁлкаДоброты
#ЁлкаДоброты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кез келген қазақстандық Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы онкология бөліміндегі кішкентай емделушілердің тілегін орындап, Аяз Ата атана алады

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы #ЁлкаДоброты атты қайырымдылық жобасын бастады.

Жоба аясында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы онкология бөлімінде емделіп жатқан екі жастан 17 жасқа дейінгі 30 бала Sputnik-тің арнайы ашық хаттарына жаңажылдық тілектерін жазып қалдырды. Бұл хаттар GoodProject* ресторандар желісінің мерекелік шыршаларын безендірді.

Кез келген ынталы азамат акцияға қатысып, кішкентай емделушілердің бірінің тілегін орындап, Аяз Ата атана алады. Ол үшін ресторандардың біріндегі жаңажылдық шыршадан бір ашық хатты таңдап, оны толтырып, 2017 жылғы 7 қаңтарға дейін  Sputnik Қазақстан редакциясына (Қонаев көшесі 12/1) немесе көрсетілген ресторандардағы қабылдау пунктіне сыйлықты қалдырып кетуі тиіс.

© Sputnik / Болат Шайхинов#ЁлкаДоброты
#ЁлкаДоброты - Sputnik Қазақстан
#ЁлкаДоброты

Барлық сыйлықтар Жаңа жыл және Рождество мерекелері кезінде балаларға беріледі. Сондай-ақ #ЁлкаДоброты хэштегімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, акцияға қолдау көрсете аласыз.

Sputnik редакциясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және осы мерекелік күндері сиқыршыға айналып, бүлдіршіндердің жаңажылдық армандарын орындауға шақырады", — дейді Sputnik Қазақстан басшысы Ольга Коваленко.

*Акцияға "Бархат", "На крыше", "Мясо" және Soul Kitchen ресторандарының алаңдары пайдаланылды. 

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. 

Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді.

Жаңалықтар
0