АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Қарағанды облысы Шахтиниск қаласы Шахан ауылындағы бес көпқабатты үйдің құлау салдарынан қаза тапқандардың тізімі белгілі болды.
ТЖ орнында кезекшілік еткен жедел жәрдем дәрігерлерінің 1 қаңтардағы деректеріне сәйкес, оқиға орнында 1988, 1953 жылы туылған әйелдер, 1981, 1960 және 1957 жылы туылған ер адамдар қаза тапқан. Сондай-ақ 2016 жылы туылған екі бүлдіршін қыз қаза тапты.
ТЖ 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды.Үйдің қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйінділерді ашуға кірісті. Екінші қаңтарда тағы екі адамның мүрдесі табылды. Бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні таңертең 32 жастағы ер адам үйіндінің астынан тірі шықты.
Алдын ала болжам бойынша қирау себебі үйдің жер төлесінде орналасқан жылыту қазандығының жарылуында болуы мүмкін.