Спорт

"Барыс" жылды жеңіспен бастады

© Photo : официальный сайт ХК "Барыс""Барыс" - "Спартак" матчы
Барыс - Спартак матчы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан елордасының хоккей клубы "Барыс" сәрсенбіде өз мұз айдынында мәскеулік "Спартакты" жеңді.

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Қазақстандық "Барыс" клубының хоккейшісі Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымының сәрсенбіде өткен кезекті матчында мәскеулік "Спартакты" 3:0 есебімен жеңді. 

Матчтағы есепті алтыншы минуттаКори Тривино ашты.  Екінші жиырма минутта Найджел Доус "Барыстың" алшақтығын арттырды. Ал ақтық сиренаға 17 секунд жетпей, "Спартак" қақпашысын ауыстырған кезде, Дастин Бойд қарсыластың бос қақпасына шайба кіргізді. 

Бұл ретте "Барыс" бұл матчта қонақтағы алты минут айыпқа қарсы жалпы есеппен 14 минут өткізді. 

© Photo : Барыс ХК ресми сайты"Барыс" "Спартакты" 3:0 есебімен жеңді.
Барыс Спартакты 3:0 есебімен жеңді.  - Sputnik Қазақстан
"Барыс" "Спартакты" 3:0 есебімен жеңді.

Мұз айдыны иелерінің аз құрамда ойнауы сәттіліктің анықтайтын факторы болды, деп санайды екі команданың бас бапкерлері. "Кезекті ауыр матч, ең алдымен аз құрамда ойнауға тура келуде қарсыластың еңбегі деп ойлаймын. Белсенді ойнап, кей жерлерде біздің жігіттерге қажетсіз алыстату жасауға мәжбүрледі", — деді "Барыс" бапкері Эдуард Занковец. 


Жаңалықтар
0