Спорт

ЖХЛ жүйелі маусымында питерліктер "Торпедоға" тақап қалды

© Photo : Официальный сайт ХК "Торпедо"ХК "Торпедо" - "Молотом-Прикамье" - 3:4
ХК Торпедо - Молотом-Прикамье - 3:4 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өскемендік "Торпедо" ЖХЛ-ның биылғы жылғы алғашқы матчында буллиттер бойынша ұтылды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Өскемен хоккей клубы "Торпедо" сейсенбі күні "Молот-Прикамье" командасына қарсы матчта бір ұпайға ғана қол жеткізді; турнирлік кестеде көш бастап тұрғанымен, питерлік "СКА-Нева" оларға тақап қалды.

ХК Торпедо - Рубин - 3:1 - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Торпедо" ЖХЛ жүйелі маусымында бірінші орында

"Торпедо" ЖХЛ-ның биылғы алғашқы матчын турнирлік кестеде ізінен қалмай келе жатқан "Молот" командасына қарсы өткізді. Бірінші периодта есеп 0:1 қонақтардың пайдасына жазылды, гол иесі – Руслан Шайхулов. Екінші жиырмаминуттықтың басында Максим Беляев есепті теңестіргенімен, 26-шы минутқа қарай қонақтар тағы да алға озды – " Молот" командаснынан Анатолий Раенко гол соқты. 

Ойынның ортасында торпедолықтар екінші рет қуып жетті – Станислав Тунхузин ойыншылар санының басымдығын пайдаланып қалған болатын. Екінші үзіліске дейін, қонақтар арасынан Анатолий Раенконың соққан голына, Станислав Тунхузин тағы бір рет жауап қатты.

Үшінші период пен овертаймда қос команда да гол соға алмады, ал буллиттер сериясында қонақтардың тасы өрге домалады.

Бұл жеңілістен соң "Торпедо" турнирлік кестеде бірінші орында тұр, бірақ екінші келе жатқан "СКА-Нева" командасынан төрт ұпайға емес, екі ұпайға ғана озып келеді. 

Жаңалықтар
0