Әлем

БАҚ: Стамбулдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған террорист қамауға алынды

© AP Photo / Depo PhotosТүркия полициясы
Түркия полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған лаңкес сыбайласының үйінде тығылып жүріпті

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Түркия қауіпсіздік қызметі Стамбулда Жаңа жыл түні түнгі клубқа шабуыл жасаған террористі ұстады, ол – Өзбекстанның тумасы Абдулгадир Машарипов деп хабарлады РИА Новости NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады - Sputnik Қазақстан
Әлем
Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады

Телеарнаның құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, террористі ұстау операциясы дүйсенбі күні кешке Стамбулдағы Эсенъюрт ауданында болған. Машарипов Қырғызстаннан келген сыбайласының үйінде жасырынып жүріпті. Ол жерге үш күн бұрын көшіп келген екен. Полиция операциясы кезінде лаңкес қаруын қолданып үлгермеді.


Жаңалықтар
0