Оқиға

ШҚО-да автобустардың соқтығысуынан бес адам зардап шекті

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен жолашуылардың жарақаты ауыр емес

АСТАНА, 20 қаң — Sputnik. 19 қаңтар күні Өскеменде Ертіс көпірінің сақиналы жолайырығында екі жолаушылар автобусы соқытығысты деп хабарлайды YK-news

Жол апаты кеше күндіщ Қазақстан көшесінен Ертіс көпіріне шығар тұста болды. Кейіннен белгілі болғандай, көлік апаты кезінде бес жолаушы зардап шеккен.

Жылу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жол апаты салдарынан мыңнан астам үй жылусыз қалды

"№46 бағдарлық автобустың 61 жастағы шопыры алдында келе жатқан №7 автобустан тиісті қашықтықты ұстанбай, нәтижесінде соқытығысып қалған, — деп жазады басылым Өскемен ІІБ баспасөз қызметінің мәлімдемесін дәйексөз ретінде келтіріп. – Оқиға нәтижесінде №46 автобустың бес жолаушысы медициналық көмек алу үшін ауруханаға барды. Жарақаттары ауыр емес".

Ведомство атап өткендей, жол апаты кезінде екі автобустан 25 жолаушы болған. Жол апатына айыпты шопырға қатысты полицейлер әкімшілік хаттама толтырды. 

Жаңалықтар
0