Өңірлер

Сенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде боран соғады деп күтіледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтубұрқасын
бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбі, 21 қаңтар күні жел күшейін, бұрқасын болады деп болжайды синоптиктер

АСТАНА, 21 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел  күшейеді, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде  екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болады. Алматы облысында жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-23 м/с күшейеді.

Қызылорда  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын бақыланып,  жел 15-20 м/с күшейеді.  Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с күшейеді.  

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с, екпіні  25м/с  күшейеді.


Жаңалықтар
0