Саясат

Астанада өтетін ШЫҰ саммиті қарсаңында Sputnik баспасөз орталығында бейнекөпір өтеді

© AP Photo Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұма 2 маусым күні сағат 16.00-да Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеу-Астана бейнекөпір өткізіледі, тақырыбы: "Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Астанадағы саммиттен не күтеміз?"

Мәскеудегі қатысушылар:

— ТМД елдері институты директорының орынбасары, ТМД елдері институты еуразиялық интеграция және ШЫҰ дамуы бөлімінің меңгерушісі Владимир ЕВСЕЕВ;

— М. В. Ломоносов атындағы ММУ әлемдік саясат факультеті халықаралық қауіпсіздік кафедрасының доценті Алексей ФЕНЕНКО;

— РҒА Қиыр Шығыс институты Солтүстік-шығыс Азия және ШЫҰ стратегиялық мәселелерін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Андрей ДАВЫДОВ.

Астанада:

— Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының бас маманы Азамат НҰРСЕЙІТОВ.

Астанада 7-8 маусым күндері Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бейнекөпір аясында Қазақстан төрағалығының басымдықтары, аймақтық қауіпсіздік мәселелері, мүше елдерге төнетін қауіптер, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, экономикалық даму және жаңа жобаларды жүзеге асыру туралы сөз қозғалады.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1.

Жаңалықтар
0