Қоғам

Министрдің қызы ЭКСПО көрмесінде ерікті болып жұмыс істемек

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО көрмесі
ЭКСПО көрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО көрмесінің басталуына тоғыз күн қалды

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің үлкен қызы ЭКСПО халықаралық көрмесінде ерікті болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр. 

Астана готовится к ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі мұғалімдерді ЭКСПО билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырды

"Мен ЭКСПО көрмесіне билет алған жоқпын. Балаларым сатып алды. Менің үлкен балам көрмеде екі ай бойы ерікті болып жұмыс істейді, — деді Қасымбек БАҚ өкілдеріне. 

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Жеңіс Қасымбектің төрт баласы бар. Министр Ақерке (1997 жылы туған), Жансая (2000 жылы туған), Ләйлім (2003 жылы туған) есімді қыздар мен Мәди (2006 жылы туған) есімді ұлдың әкесі. 

ЭКСПО халықаралық көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. 


Жаңалықтар
0