Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде жұмада күн ашық болады

© AFP 2024 / DANIEL LEAL-OLIVASжаз
жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауып, найзағай болады, жел күшейеді, күндіз батыста бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары атмосфералық фронталды  бөліктердің әсерінде болады, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауып, найзағай болады, жел күшейеді, күндіз батыста бұршақ жаууы мүмкін, депхабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарында түнде және таңертең  кей жерлерінде тұман болады.

Солтүстік  Қазақстан, Қостанай, облыстарының  кей жерлерінде желдің 15-20 м/с  дейін күшеюі күтіледі,  түнде және таңертең — тұман болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе,  күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Жаңалықтар
0