Өңірлер

Дүйсенбі күні найзағайлы жаңбыр жауады деп күтіледі

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикамыздың кей жерлерінде жаңбырмен найзағай күтіледі, екпінді жел соғады

АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстікте шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, ал батыста жауын-шашынсыз.

Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы ықтимал. Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қостанай облысының  кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.


Жаңалықтар
0