Өңірлер

Сәрсенбіде екпінді жел және шаңды дауыл тұрады

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтугүлдер
гүлдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде екпінді жел,тұман болады

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын мен найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде түнде және таңертен тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, таңертен және күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.


Жаңалықтар
0