Өңірлер

Жамбыл облысы әкімі ағылшын тілінде еркін сөйлейді

© Photo : ZhambylnewsЖамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев
Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңір басшысы дарынды оқушылармен кездесті

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев дарынды оқушылармен кездесу барысында ағылшын тілін еркін меңгергенін көрсетті, деп хабарлайды жергілікті Zhambylnews порталы.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шигео Катсу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Fine, thank you: Елбасы Назарбаев Университеті басшысымен ағылшынша сөйлесті

Облыстық әкімдікте 2016-2017 оқу жылында білім мен шығармашылық бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізген 85 оқушымен кездесу өткізілді. Олардың арасында әкіммен ағылшынша сөйлескен оқушылар да болды.

Мәселен, Крупская атындағы №3 мектеп оқушысы Алмаз Қайсар болашақта шетелде оқығысы келетінін айтты.

"Thank you, but don't forget about ancient Taraz (Рахмет, бірақ көне Таразды ұмытып кетпе)", — деді оған Көкірекбаев.

Сонымен бірге, балалар әкіммен кездесуде болашақ мамандықтары туралы ойларын ортаға салды. "Дарын" меткеп интернатының оқушысы Ерболат Жұмабек қай мамандықты таңдарын білмей дал болыпты: не заңгер, не археолог болғысы келеді екен.

"Археолог мамандығын игеруге кеңес берер едім. Қазақстанда бұл мамандықтың болашағы зор", — деп пікір білдірді Көкірекбаев.

Жаңалықтар
0