Өңірлер

Жұма күні ауа райы құбылмалы болмақ

© Sputnik / Болат ШайхиновЖаз
Жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде синоптиктердің болжамына сәйкес жаңбыр жаумайды

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне сәйкес құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Күн +38 градусқа дейін ысиды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде синоптиктер тұман түседі деп болжайды.

Маңғыстау, Қарағанды облысында, түнде Павлодарда, күндіз Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі жоғары.

Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, кей жерлерде Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында ауа райы қапырық ыстық болады.

Жаңалықтар
0