АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. Алматы тұрғындары аудандарындағы көп қабатты үйдің бір жағына ауып, қисайғанын айтып шағымданды.
Үй 2012 жылы салынған, Алматы-1 теміржол вокзалы ауданында орналасқан.
"Апырай! Көрші үйіміз қисайып кеткен. Анам кешкісін құтқарушылар мен әкімдіктен кісілер келді дейді. Әзірше таспамен қоршап қойыпты", — деп жазды Алматы тұрғыны Facebook желісінде.
Бұдан бұрын мұндай төтенше жағдай Алғабас шағын ауданында болған еді — 2016 жылы маусымда тұрғын үй бір жағына ауып, қисайған. Дәл осы жайт биыл мамыр айында басқа үйде қайталанған.