Утомленные жарой гости ЭКСПО-2017 пытаются лизнуть российский айсберг
Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар Астанадағы аптап ыстықты ескеріп, келушілердің жағдайын дұрыс ойластырған екен.
Биіктігі төрт метр айсбергті сақтау үшін ауа температурасы төмен сақталатын Ресей павильоны келушілерді салқын леппен қарсы алады, сол себепті қонақтар "арқтикалық суық аймаққа" енуге асық.
"Астананың аптап ыстық жазында Ресей павильонына келуші барлық қонақ Орыс Арктикасы әлеміне еніп кетсе деген едік. Ыстықтан шаршағандардың жаны жай табар мекен болар деп ойладық. (…) Айсбергті бәрі ұстап көргісі келеді, кейбіреулер жалауға да тырысты", — деп хабарлады "ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ресей" бас комиссарының орынбасары Антон Атрашкин Sputnik Қазақстанға.