Өңірлер

Дүйсенбі күніне арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуЖара, лето
Жара, лето - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысы, шығысы және орталығында қатты ыстық болады

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жел соғады — 15-20 м/с, кей жерлерде ұйытқуы — 23-28 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 25 м/с, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында жел соғады деп күтіледі — 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, түнде Қызылорда облысында — жел — 15-20 м/с.

Қостанай облысында кей жерлерде жел — 18 м/с. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі бар. Күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аптап ыстық.

Жаңалықтар
0