Өңірлер

Алматыда жол апатынан екі әйел мен бір бала зардап шекті

© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соқтығысу салдарынан автокөлік бағанаға бір-ақ соғылып, аударылып түскен

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Алматыда екі автокөлік теңмаңызды қиылыста соқтығысып, біреуі бағанаға соғылып, аударылып түсті, деп хабарлады куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Жол апаты Бейсембаев және Лермонтов көшелері қиылысында болған. Toyota Town Ace Бейсембаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, Лермонтов көшесіне бұрылар кезде, теңмаңызды перпендикуляр көшеде көліктер бар-жоғын тексеру үшін аялдайды. Алайда қалың өскен ағаштардан қиылыс дұрыс көрінбепті.

Сол сәтте Лермонтов көшесімен келе жатқан Volkswagen Passat ақырын жүре бастаған Toyota көлігіне бар жылдамдықпен келіп соғылады. Куәгерлердің айтуынша, Passat Town Ace көлігін өткізуі тиіс еді, өйткені оң жақтан кедергісі болған екен.

Қатты соққыдан Toyota бағанаға соғылып, аударылып түсті. Бұдан бөлек, электр желілері үзіліп кеткен.

© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/4
Алматыдағы жол апаты
© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/4
Алматыдағы жол апаты
© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
3/4
Алматыдағы жол апаты
© Photo : Предоставлено очевидцамиАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
4/4
Алматыдағы жол апаты
1/4
Алматыдағы жол апаты
2/4
Алматыдағы жол апаты
3/4
Алматыдағы жол апаты
4/4
Алматыдағы жол апаты

Жол апаты салдарынан Town Ace көлігінің жолаушылар зардап шекті: екі әйел мен бір бала. Үшеуі де ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0