Әлем

Пәкістанда бензовоз өртеніп кем дегенде 140 адам қаза тапты

© AFP 2024 / STRПәкістандағы өрт
Пәкістандағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отынның тұтану салдарынан ондаған адам, автокөліктер мен мотоциклдер зардап шекті

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Пәкістанның шығысында бензовозды аударылуы салдарынан шыққан өрттен кем дегенде 140 адам қаза тапты, деп жазады РИА Новости Geo TV телеарнасына сілтеме жасай отырып. 

Шымкентте мұнай базасы өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте бензин құйылған резервуар жарылып, бір адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Пенджаб провинциясында орын алды. Соңғы деректерге сәйкес, өрттен 140 адам көз жұмып, тағы 49-ы қатты күйікпен жергілікті ауруханаларға жатқызылды. 

Тұтануға аударылған бензовоздың жанында тұрған жергілікті тұрғындар себеп болған болуы мүмкін дейді. Өйткені кейбіреулерінің қолдарында тұтанған темекі болған. 

Сондай-ақ оттан ондаған автокөліктер мен мотоциклдер зақымданған. Өрт жойылды, жол қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0