Мұнай бағасы тағы көтерілді

© REUTERS / Dado RuvicИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 130 долларға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін таңертең мамырдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 6,2 процентке өсіп, 130,93 долларға дейін көтерілген. Ал WTI-дің сәуірдегі фьючерстері 5,4 процентке артып, 125,92 долларға дейін өсті.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден ресейлік мұнай импортына тыйым салынатынын мәлімдеді. Осыдан кейін мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтеріле бастады. Байденнің айтуынша, жаңа санкцияларды екі партия да қолдады. Ал Еуропадағы одақтастар бұл бастамаға қосылмайды.
Айта кетері, 24 ақпанда әлемдік мұнай бағасы геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты 7%-ке қымбаттады, Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі жеткізілім құны 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет барреліне 104 доллардан асты. Ал WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерсі барреліне 7,27%-ке өсіп, 98,8 долларға дейін көтерілген болатын.
Мұнай өндірісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет 104 доллардан асты
Жаңалықтар
0