Қоғам

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының уақыты жарияланды

Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Биыл Ораза айттың бірінші күні 21 сәуірге түсіп тұр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады.
Ораза айт уақыты
Ораза айт намазы 2023
Ораза айт намазы 2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Ораза айт намазы 2023
Ораза айт – барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам. Мейрам қатарынан үш күн аталып өтеді. Бұл күндері қазақстандықтар демалмайды.
Айттың алғашқы күні мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылады. Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.
Ораза айтты қалай тойлау қажет және мейрам күні ауыз бекітуге бола ма – толығырақ біздің материалдан оқыңыз.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Қоғам
Ораза айт – 2023: қашан басталады және ауыз бекітуге бола ма
Жаңалықтар
0