Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

© Photo : Официальный сайт Духовного управления мусульман КазахстанаАстанадағы Республикалық бас мешіт
Астанадағы Республикалық бас мешіт   - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі", - деп жазылған құттықтауда.
Ол ислам имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін екенін атап өтті.
Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.
"Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін! Айт қабыл болсын, ағайын!", - деп түйіндеді президент.
Биыл Рамазан айы 20 сәуірде аяқталды. Ал 21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні. Мейрам үш күнге, яғни 23 сәуірге дейін созылады. Бұл күндері елімізде ресми демалыс қарастырылмаған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Қоғам
Ораза айт – 2023: қашан басталады және ауыз бекітуге бола ма
Жаңалықтар
0