https://sputnik.kz/20230503/shqo-turmesindegi-uryp-soguga-qatysty-videoga-tusinikteme-berildi-34514817.html
ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видеоға түсініктеме берілді
ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видеоға түсініктеме берілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстандағы 16 түзеу мекемесінде сотталушыны ұрып-соқты деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық қылмыстық атқару жүйесі... 03.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-03T13:27+0500
2023-05-03T13:27+0500
2023-08-09T12:29+0500
түрме
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстандағы 16 түзеу мекемесінде сотталушыны ұрып-соқты деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерде сотталған адамды ұрып-соққаны туралы бейнежазба тараған. Бейнежазбада ҚАЖД 16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. есімді сотталған әкімшілік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеген. Сотталған адамды ұрып-соғу туралы бейнежазба 2014 жылы түсірілген. Тексеру барысында сотталғандар тұрмыстық жанжал кезінде бейнежазба түсіргені анықталды. Қызметтік тергеу кезінде кінәлі сотталғандардың тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. "Қазіргі уақытта жәбірленушінің әкімшілікке қатысты талаптары жоқ. Осы жылдың сәуір айында А. есімді сотталған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған. Бостандыққа шыққалы бері құқық қорғау органдарына азаптау туралы өтініш білдірмеген", - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түрме, шығыс қазақстан
ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видеоға түсініктеме берілді
13:27 03.05.2023 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстандағы 16 түзеу мекемесінде сотталушыны ұрып-соқты деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде сотталған адамды ұрып-соққаны туралы
бейнежазба тараған. Бейнежазбада ҚАЖД 16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А. есімді сотталған әкімшілік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы мәлімдеген.
"Сотталғанды тексеру кезінде оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы дене жарақатын таппады. Тексеру процесі DVR-ге бекітілген. Сауалнама барысында А. есімді сотталған бейнежазбада басқа сотталғандар түскенін, 9 жыл бұрынғы бейнероликті өз мүддесі үшін пайдаланғанын айтты. Сондай-ақ сотталған А. жеке оның өз басына заңсыз әрекеттер жасалмағанын айтты", - дейді ведомство.
Сотталған адамды ұрып-соғу туралы бейнежазба 2014 жылы түсірілген. Тексеру барысында сотталғандар тұрмыстық жанжал кезінде бейнежазба түсіргені анықталды. Қызметтік тергеу кезінде кінәлі сотталғандардың тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта жәбірленушінің әкімшілікке қатысты талаптары жоқ. Осы жылдың сәуір айында А. есімді сотталған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған. Бостандыққа шыққалы бері құқық қорғау органдарына азаптау туралы өтініш білдірмеген", - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары.