Елорда тынысы

Астанада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтінім қабылдау басталады

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
Пәтерлерді "Көпбалалы отбасы" және "Халықтың әлеуметтік осал тобы" санаттары бойынша кезекте тұрғандар алады
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Астанада 17 шілдеде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің тұрғын үй қоры.
Құжаттар электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы 17 шілде 09.00-ден 26 шілде 23:59-ға дейін қабылданады.
Іріктеу кезекке қойылған күн бойынша жүргізіледі, сондай-ақ отбасының құрамы ескеріледі.

Қанша пәтер беріледі:

"Көпбалалы отбасылар" санаты үшін – 86 пәтер;
"Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты үшін – 24 пәтер.
Нәтижелер zhilfond.kz сайтында, "Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Ирина Смирнова - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Қоғам
Депутат жетімдерге арналған баспана жайлы: 120 жылдан кейін бір-ақ алады
Жаңалықтар
0