Оқиға

Ақтөбе облысында төрт адам жол апатынан қаза тапты

© Photo : Министерство внутренних дел КазахстанаАқтөбе облысында төрт адам жол апатынан қаза тапты
Ақтөбе облысында төрт адам жол апатынан қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында жүк көлігіне соғылған Hyundai Sonata-дағы төрт адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты 6 шілде Самара-Шымкент тас жолының 1235 шақырымында болған. Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісімен бірге 20 және 23 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2023
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды
Жаңалықтар
0