Оқиға

Көліктердің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында екі автокөлік соқтығысып, жүргізушілер қаза болды.
Қайғылы оқиға 11 шілде сағат 12:30-да болған.
Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында ВАЗ-2111 мен ВАЗ-2115 соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір күнде үш адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2023
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір күнде үш адам көз жұмды
Жаңалықтар
0