Қоғам

Ең кемі 100 доллар салған: тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті "Sincere System Group" (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Олар қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілініп отыр.
ҚМА ақпаратынша, компания өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам кірістілікке уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы 100 долларды құраған. Басқа салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5% мөлшерінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған.
"Бұл ретте клиенттерге ақша қабылданғанын растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған", - дейді агенттіктегілер.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
ҚМА "S-Group" компаниясының қызметінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрады.
Монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Павлодарда қаржы пирамидасы 1,5 млрд теңгеге шығын келтірді
Жаңалықтар
0