Қазақстан таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді – Қытай саяси кеңесінің басшысы

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана оқаев Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді
оқаев Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Ван Хунин Қазақстан қарқынды дамып, тұрмыс деңгейі ұдайы жоғарылап келе жатқанын айтты
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-қытай қатынастары мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті. Бұл ретте ел басшыларының тұрақты кездесулері елеулі рөл атқарды. Өйткені келіссөздер барысында тату көршілік қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін негіз қаланады.
Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасының әлеуметтік-экономикалық прогресіне және Қытай басшысы жүргізіп отырған тиімді саясаттың нәтижелеріне жоғары баға берді.
"Төраға Си Цзиньпиннің көреген, сарабдал саясатының және оның "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасының табысты жүзеге асып жатқанына куә болып отырмыз. Біз, әлбетте, Қытайдың жетістіктеріне қуанамыз. Бүгін төраға Си Цзиньпин форум қатысушыларына "Егер Қытайда бәрі жақса болса, барлық мемлекет пен халықтар үшін де жайлы болады" деген сөз айтты. Мен бұл пікірмен келісемін. Сіздің еліңіз әлемдегі озық әрі жетекші державаға айналуды көздеген асқақ мұратына батыл қадам басып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан басшысы төраға Сидің дана басшылығымен ҚХР Қытай елінің жаңа дәуірлеу кезеңінде және "Адамзаттың ортақ тағдыры" концепциясын ілгерілету ісінде бұдан да керемет жетістіктерге жететініне сенімбілдірді.
Ал Ван Хунин қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді.
"Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның қарқынды дамып, тұрмыс деңгейі ұдайы жоғарылап келеді. Бұл – таңғаларлық нәтиже. Бүгін Сіз "Бір белдеу, бір жол" III форумының ашылу рәсімінде өте мазмұнды сөз сөйлеп, ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды ұсыныс айттыңыз. "Бір белдеу, бір жол" аясындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылында барлық тараптың ортақ күш-жігерінің арқасында біз зор жетістіктерге қол жеткіздік, – деді Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы.
Ол екі елдің басшысы қазақ-қытай қатынастарының жаңа "алтын 30 жылдығын" бастап бергенін атап өтті.
"Қытай тарапы екі ел басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру жолындағы ынтымақтастықты бірлесе ілгерілетуге дайын", – деп сенім білдірді Ван Хунин.
Сондай-ақ әңгімелесу барысында екі елде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар жөнінде айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ван Хунин барлық деңгейдегі белсенді саяси диалогты жалғастыру маңызды екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастың бүкіл бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Жаңалықтар
0