Йеменге соққы жасалды: Сыртқы істер министрлігі түсініктеме беруден бас тартты

CC BY-SA 2.0 / Ferdinand Reus / Sana'a Сана қаласы, Йемен
  Сана қаласы, Йемен - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Йеменде қазақстандықтар консулдық есепте тұрған жоқ
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Ұлыбританияның Йемендегі соққысы туралы түсініктеме беруден бас тартты.
Сондай-ақ брифинг барысында СІМ өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтар консулдық есепте жоқ екенін айтты.
"Сондықтан зардап шеккендер туралы деректер жоқ", - деді ол.
Бір күн бұрын АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігіндегі "Ансар Алла" (хуситтер) шиіт қозғалысының нысандарына соққы беріп, оны Қызыл теңізде жүзу еркіндігіне төнген қауіп-қатерге жауап деп атады.
Ал "Ансар Алла" жоғарғы саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммед Әли әл-Хуси Батыс елдерінің әрекетін террористік, негізсіз агрессия деп бағалады.
Хусит қарулы күштерінің өкілі Яхья Сарияның айтуынша, АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге 73 соққы берді. Бес хусит жауынгері қаза тауып, тағы алтауы жарақат алды.
АҚШ президенті Джо Байден соққылардан кейін де дәл осылай әрекет етуге уәде берді. Ол 50-ден астам елдің коммерциялық кемелері хуситтердің 27 шабуылынан зардап шекті және 9 қаңтарда қозғалыс америкалық әскери кемелерге қарсы ең үлкен шабуыл жасады деп мәлімдеді.
Ресей СІМ АҚШ пен Ұлыбританияның әрекетін айыптады. Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Sputnik-ке берген сұхбатында АҚШ-тың бомбасы сауда жолдарын ашпайтынын, керісінше Таяу Шығыстағы қақтығысты ушықтыратынын айтты.
Жаңалықтар
0