Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада мобилизациялау туралы балама заңдарды ұсыну мерзімі қысқартылды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВоеннослужащий армии Украины
Военнослужащий армии Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Украина парламенті мобилизациялау туралы балама заң жобаларын ұсыну мерзімін қысқартты, бұл құжатты осы аптада бірінші оқылымда қарауға шығаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Жоғарғы раданың депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін украиналық парламентарий Ирина Геращенко сәрсенбі күні Рада мобилизация туралы жаңа заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын айтты.
"Парламент мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасына балама ұсыну мерзімін қысқартты. 237 депутат қолдап дауыс берді. Бұл техникалық мәселе болғанымен, мерзімі маңызды. Бұл заң жобасын осы аптада комитетте қарауға және бірінші оқылымға шығаруға жол ашады", - деп жазды Железняк.
Министрлер кабинеті дайындаған мобилизациялау туралы жаңа заң жобасы 30 қаңтарда Жоғарғы радаға ұсынылды. Украиналық БАҚ мобилизациялау ережелері туралы жаңа жобаға сәйкес, Украинада әскери міндетке тартуға жататындар 60 күн ішінде өздерінің тіркеу деректерін нақтылау үшін әскери комиссариаттарға келуге тиіс екенін хабарлады. Сонымен қатар, Украина қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жоба мүгедектерді әскерге келуге міндеттемейді және әскери комиссариаттың рұқсатынсыз көшу құқығын өзгеріссіз қалдырады. Ведомство жариялаған мәліметтерге сүйенсек, заң жобасында әскери жағдай кезінде майданға жұмылдырылғандардың қызмет ету мерзімі нақты белгіленген, бірақ мерзімнің ұзақтығы көрсетілмеген.
Жаңалықтар
0