Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға көмек ретінде 300 млн доллар береді – заң жобасы қолдау тапты

© AFP 2024 / SAUL LOEBКапитолий ғимараты
Капитолий ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Заң жобасында Украинаға көмек ретінде 300 миллион доллар және Израильді қолдау үшін 3,3 миллиард доллар қарастырылған
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. АҚШ сенаты қаржы жылының соңына дейін 1,2 триллион доллар бөлуді көздейтін заң жобасын қолдады, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл заң жобасын бұған дейін Өкілдер палатасы мақұлдаған болатын.
Бастаманы 74 сенатор қолдаса, 24 сенатор қарсы шықты.
Агенттік құжатта АҚШ федералды үкіметінің жұмысына 2024 жылдың соңына дейін 1,2 триллион доллар бөлу қарастырылғанын атап өтті. Бұған қоса, заң жобасында Украинаға көмек ретінде 300 миллион доллар және Израильді қолдау үшін 3,3 миллиард доллар қарастырылған.
Sputnik бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің бірқатар федералды ведомствоны қаржыландыру туралы заңға қол қойғанын хабарлаған болатын.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина қақтығысын келіссөз арқылы шеше алатынын айтты
Жаңалықтар
0